Калифорнияның бұрынғы губернаторы өзінің микроблогында видео орналастырып, онда Авраам Линкольннің 1861 жылдың 4 наурызындағы алғашқы инаугурацияда сөйлеген сөзін оқып берді.
«Біз қас емес, доспыз. Біз дұшпан болмауымыз тиіс. Дегенмен, қайшылықтар мүмкін бар шығар, бірақ олар достығымызға сызат түсірмеуі керек», - деп оқи бастады актер.
«...Сайлауалды науқан аяқталды, сайлау артта қалды. Біз дұшпандар емеспіз, біз көрші, дос, ең бастысы, барлығымыз - америкалықтармыз. Американың беделін сақтап қалу үшін бізге көп еңбектену керек. Сондықтан, бірлесіп жұмыс істейік», - деді ол.
Сөзінің соңында Шварценеггер жаңадан сайланған президентке сәттілік тілеп, Американың барлық азаматының игілігіне өзінің рейтингтері үшін еңбектенетіндей күш жұмсайтынына үміт білдірді.
Дональд Трамп бір кездері «Жұлдыздың шәкірті» қайырымдылық шоуын өзі де жүргізген еді. Бірақ NBC арнасы оның дау-дамайға толы болған сайлауалды мәлімдемелерінен кейін миллионерден бағдарламадан кетуді сұраған болатын.
Фото: © РИА Новости. Екатерина Чеснокова