Шварценеггердің ұлы алғаш рет сериалға түспекші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Арнольда Шварценеггердің ұлы Патрик сериалға түспекші. Ол «Королевы крика» (Scream Queens) комедиялық сериалда ойнайды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Сериал Fox арнасынан 22 қыркүйектен көрсетіле бастайды. Әзірге Патрикке қандай роль берілгені және экранға қай кезден бастап шығатыны белгісіз.

Биылғы жылдың маусым айында 21 жастағы Патрикті жапондық драмада басты рольді сомдаудға шақырған. Ол 2016 жылы көрерменге жол тартпақ.

Қазіргі кезде жас актер үш фильмге түсіп үлгерді. Барлық фильмдерде эпизодтық рольдерді орындаған.