Швеция әлемдегі үздік ел болып танылды
08:30, 04 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Good Country рейтингісі кезекті рет әлемнің үздік елдерін анықтады. Бірінші орынға Швеция шықты.
Мемлекеттер ғылым мен технологияға, халықаралық бейбітшілікке, және қауіпсіздікке қосқан үлесі, климатқа қамқорлығы, әлемдік тәртіп, денсаулық пен әл-ауқат жағадайларына байланысты екшелді, деп жазады Life.ru.
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Дания, Нидерланды, Ұлыбритания, Германия, Финляндия, Канада, Франция, Австрия және Жаңа Зенландия кірді.
Ресей 72 орында - Эквадор (71-ші) мен Марокконың (73-ші) арасында. Оларға таяу орындарда: Украина - 78-ші, Беларусь - 79-шы, Қазақстан - 110-шы орында.
Ең соңғы орында - Ливия, рейтингінің соңғы жағынан орналасқан Сирия - 158-ші орында екенін атап өткен жөн.