Қаза болғандар жасы 20-25 аралығындағы жастар. Тағы 15 адам жарақат алды.
Биліктің деректеріне сүйенсек, шабуылдаушылар Калашников автоматын қолданды деген болжам бар.
Полицияда оқиға қаланың тынышсыз ауданында орын алғанын анықтады, сондықтан жергілікті криминалдық бандылар арасындағы келіспеушілік деуге негіз бар.
Тероррлық акті деген нұсқаны билік жоққа шығарды. Куәгер швед SVT телеарнасында екі шабуылдаушы мейрамханаға келіп әй-шайсыз оқ жаудырғанын айтқан. Осы ауданда қаңтар айнында да атыс орын алған.
«Не болғанын түсінбей қалдым. Қарасам, досым қанға боялып жатыр. Қолымнан келгенше қанды қолыммен тоқтатуға тырыстым», - деді аты аталмаған куәгер.
Шабуыл келушілер футбол көріп жатқан кезде болған.
Қарулы ер адамдар бой тасалап үлгерді, полиция ауданды қоршауға алып, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
30 қаңтарда ер адам осы мейрамханада болған атыстан жарақат алған болатын, бұл оқиғалар бір-бірімен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.