«Швед қауіпсіздік саясаты өзгеріссіз қалады, - делінген құжатта. - Әскери альянстарға қосылмау ел үшін қолайлы және солтүстік Еуропадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосады. Бұл белсенді, кең және жауапты сыртқы саясатты және ұлттық қорғаныс сенімділігін арттыра отырып, қауіпсіздік саясатын көздейді.
Сонымен қатар құжатта қазіргі заманғы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатерлер корольдіктен Швецияның жеке елдермен де, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен де ынтымақтастығын талап етеді, деп атап өтілген. «Швеция егер ЕО-ның немесе Солтүстік Еуропаның басқа елі шабуылға немесе ауыртпашылыққа ұшыраса бейтарап қалады, - делінген құжатта. - Біз бұл елдер де осындай жағдай Швецияның басында болса, осылай әрекет етеді, деп күтеміз. Сондықтан да біздің еліміз қандай жағдайға да дайын болуы тиіс». Швецияның сыртқы саясат декларациясында халықаралық қатынастардағы тұрақтылықты нығайтудың негізгі құралы ретінде диалог аталған. «Диалог және сенімді нығайту жөніндегі шаралар тұрақтылық пен шиеленісті бәсеңдетудің маңызды құралы болуы тиіс», делінген құжатта.
Парламентте сыртқы саясат декларациясын таныстыру кезінде Коалициялық партия мен Орталық партиясының депутаттары Швецияның НАТО-ға қосылуы мәселесінің жабылғанына көңілдері толмайтынын білдірді.Оған «Шиеленіс өсіп отыр және қауіпсіздік саясатын шайқалтуға болмайды», - деп жауап қайтарды Вальстрем.
Фото: GLOBAL LOOK press