Құтқару шарасының бейнекөрінісін YouTube-те осы операцияға қатысушылардың бірі Виктор Йоханнсен жариялаған.
«360» телеарнасының хабарлауынша, мұз ойығынан шыға алмай жатқан жануарды көрген Йоханнсен көршілерін көмекке шақырған. Олар ойыққа жақындап, бұғының шығуы үшін мұзды жағаға дейін балтамен шапқылап бұзған. Құрғаққа тұяғы ілінген жануар аман-есен орманға кіріп, көзден таса болды.