Мүсін қолтырауын немесе тістерін ақситқан итті еске салатын аңыздағы құбыжықтың басы үлгісінде орындалған. Ағаштан жасалған оның салмағы 300 келіден асады. Мүсін маусым айында анықталған, бірақ оны судан тек қазір шығару мүмкін болды.
Мамандар жануар басының елді 1481-1513 жылдар аралығында басқарған Ханс королі кезінде суға жіберілген «Грибханден» («Gribhunden») атты даниялық кеменің тұмсығын безендіргенін айтып отыр. Кеме бортында болған өрт салдарынан суға батып кетті. Ағаш мүсіннің теңіз түбінде 500-ден астам жыл жатқанына қарамастан, ол өте жақсы сақталған. Ағаштан тұз қалдықтары алынған соң, бас Блекинге провинциясының мұражайына қойылады.