Швецияда 109-шы Нобельдік апталық ашылды

None
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Швецияда 109-шы Нобельдік апталық ашылды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бірінші болып физиология және медицина саласындағы сыйлық сыйлық иегерлерінің есімдері жария болады. Дәстүр бойынша, кандидаттар мен оларды ұсынғандар туралы ештеңе жария етілмейді, бүгін тек жеңімпаздың есімі ғана мәлім болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары авторлары аталмыш сыйлыққа таласы бар үш жаңалық туралы хабарлап отыр. Олар: қарапайым клеткалардан жұлын клеткаларын жасаудың әдісін ойлап тапқан жапондық Яманака, ядролық гормональдық рецепторларды ашқан француз ғалымы Пьер Шамбон және айна нейрондарын алғаш суреттеген итальяндық Джакомо Ридзолатти.