Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері қылмыскерге қарсы қару қолданған. «Ветлендтегі шабуыл лаңкестік әрекет ретінде қарастырылып отыр», - деп атап өтілді мәлімдемеде.
Жарақат алған қаскүнем ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет келіп түскен жоқ, жасы шамамен 20-да деп болжанып отыр.
Полиция шабуыл жасаған адамның дәл немен қаруланғанын нақтыламай отыр. Қазіргі кезде құқық қорғаушылар оның сыбайластары болмаған деп санап отыр.