Швецияда физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезекті Нобель апталығы 3 қазанда Швецияның астанасында физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарының есімін жариялаудан басталады. Жақын арада өзге аталымдардағы сыйлық иегерлері белгілі болады. Осылайша, 4 қазанда физика саласы бойынша, 5 қазанда химия саласы бойынша Нобель комитетінің шешімі белгілі болмақ. 7 қазанда Ослода бейбітшілік сыйлығының лауреаты жарияланады, деп хабарлады ТАСС.

1968 жылы Швеция мемлекеттік банкі бекіткен экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері 10 қазанда белгілі болады. Швециялық академия әдебиет саласындағы марапат кімге бұйыратынын 13 қазанда хабарлайды.

Өзінің өсиетінде Альфред Нобель физиология және медицина саласындағы  Нобель сыйлығының лауреатын таңдауды Стокгольмдегі Каролина институтына тапсырған. Көзі тірі кезінде құрылған Нобель комитеті бес тұрақты мүшеден тұрады. Олар кеңес алу үшін сарапшыларды шақыруға құқылы.  

Фото:© AP Photo/Patrick Semansky