Швецияда қашып кеткен түйелер тас жолда кептеліс жасады

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Швецияның оңтүстігіндегі цирктен қашып кеткен түйелер жолдағы кептеліске себеп болған.

Оқиға Хасслхольм қаласында орын алды. Бұл туралы Yoki порталы хабарлап отыр. «Олимпия» циркіндегі уақытша қашадан түйелер шығып кеткен.

«Бізде электр тоғы жүргізілген қоршау орнатылған. Бірақ олар оны жерге құлатып, сыртқа шықты. Сірә, серуендеуді құп көрген болар», - дейді цирктің қожайыны Хенрика Бенгстон.

Өркештілер жолдан шыға қоймаған, салдарынан екі жақты қозғалыс тоқтап, машиналар кептелісі туындады.

Түйелер кері циркке қайтарылды.