22 жастағы әйел пышақ жарақаттарымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Полиция қылмыскердің кім екенін немесе оның ұлты туралы мәлімет бермеді. Алайда ол 14-17 жастағы тұлғаларға арналған босқындар орталығында тұрғанын растады, деп жазды Лента.ру.
09:44, 26 Қаңтар 2016
Швецияда мигрант босқындарға арналған орталықтың қызметкерін өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияда мигрант босқындарға арналған орталық қызметкерін өлтірді. Бұл туралы дүйсенбі, 25 қаңтарда Yahoo News хабарлады.