Швецияда Стокгольмдегі теракт бойынша сот ісі басталды

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Стокгольмде былтыр сәуірде Швеция астанасында теракт жасады деген күдікке ілінген Рахмат Акиловқа қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

39 жастағы Өзбекстан тумасы Рахмат Акилов сейсенбі күні Стокгольм аймақтық сотында жауап берді. Оған терроризммен байланысты бірқатар айып тағылды.

Айыптаушы тарап оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, Швециядан экстрадициялауды сұрауда. Тыңдалымның соңғы күні 9 мамырға белгіленген.

Рахмат Акилов Швецияны Ирак пен Сириядағы ДАИШ террористік ұйымына қарсы халықаралық коалицияға қатысқаны үшін жазалағысы келгендігін мәлімдеген.

Оның адвокатының сөзіне қарағанда, Р. Акилов 10 ай бойы жүргізілген тергеу кезінде тергеушілермен бірге қызмет істеген.
Еске салайық, 2017 жылдың сәуірінде Акилов жүргізіп келе жатқан жүк көлігі Стокгольмның орталық көшелерінің бірінде адамдарды басып кеткен. Бес адам қаза тауып, 10-ы жарақат алған. Билік болған оқиғаны теракті деп таныды.

Соңғы жаңалықтар