Швецияда Стокгольмдегі терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция полициясы Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады.

SVT телеарнасының ақпаратына қарағанда, ер адам қала түбіндегі Хьюлста (Hjulsta) қолға түскен.

Оның өзге де ұсталған күдіктілермен байланысы бар делініп отыр.

Бұдан бұрын полиция Мэрста шағынауданындағы дүңгіршектердің бірінде ер адамды ұстағандығы хабарланған болатын. 39 жастагы ер адам полиция іздеп жатқан күдікті тәріздес киінген.

Оның киімінен шыны сынықтары табылды.