Швецияда суретші Ларс Вилкске шабуыл жасалды

None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Швецияда кеше кешке Упсала университетінде суретші Ларс Вилкске шабуыл жасалды,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Оқиға суретші философия факультетінде оқыған дәрістен кейін орын алған. Бірінші қатарда отырған адам Вилксті кеудесінен қатты итеріп жіберіп, ол қабырғаға соғылған. Полицейлер дер кезінде жетіп, карикатурашы зардап шекпеген.

2007 жылы Вилкс швед газеттерінің бірінде Мұхаммед Пайғамбарды келемеждеген карикатура жариялаған болатын. Суретшінің бұл әрекеті мұсылман елдерінің азаматтарының ашу-ызасын туғызған еді. «Әл-Кайеданың» суретшінің басын 100 мың долларға бағалағаны туралы мәліметтер бар.