Оқиға Упсала университеттік қалашығының оңтүстік бөлігіндегі айналмалы жолда орын алған.
Кортежде президенттен басқа Швецияның тақ мұрагері ханшайым Виктория мен оның күйеуі, ханзада Даниэль болған. СВТ телеарнасының хабарлауынша, алдыңғы автомобильдің кенеттен тежелуі кезінде соңында келе жатқан төрт көлік соқтығысқан. Көлік тізбегінің басындағы Үндістан президенті, ханшайым мен оның күйеуі сапарын жалғастыра алды.
Корольдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тізбектің соңғы көліктерінде отырған адамдар ауыр жарақаттар алған жоқ. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі келіп жетті.