Теміржол экспресі жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Кимстад стансасында карьерлік жүк тиеуші техникамен соқтығысып қалған. Апат салдарынан 18 адам жарақат алды, үш адам - жүк тиеуші техниканың жүргізушісі мен екі жолаушы - ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады РБК агенттігінен.
Апат кезінде пойызда 244 жолаушы болған, олардың қатарында Даниядан баскетбол жарысынан қайтып келе жатқан 13 бала бар. Жөндеу техникасының пойыз жүріп келе жатқан кезде неге жол үстінде тұрғаны туралы әзірге ештеңе айтылмай отыр, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.