Швецияда жүздеген жұмысшыға баспана болып келген паром өртеніп жатыр

СТОКГОЛЬМ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Швецияда жергілікті "Оскарсхам" атом-электр стансасының бірнеше жүздеген жұмысшысы үшін уақытша баспана қызметін атқарып келген паром өртеніп жатыр. Швед радиосының хабарлауынша, өртеніп жатқан паромнан адамдар көшірілуде, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Оқиға орнында өрт сөндіруші бригадалар жұмыс істеуде. Швед бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, ақпан айынан бері елдің оңтүстік-шығыс жағалауындағы Оскарсхам қаласында қазықта тұрған «Queen of Scandinavia» жолаушылар паромы атом-электр стансасының жұмысшылары үшін уақытша баспана болған.