Олар жылжымалы ... балабақша ашу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Осыдан екі жыл бұрын елде балабақшаларға бұрын-соңды болмаған кезектер тіркелген кезде, шенеуніктер тығырықтан шығатын жолдарды іздестіре бастады. «Автобустағы балабақша - проблеманы шешудің тез және арзан жолы болды», - деп санайды аудандық әкімшіліктің өкілі Мариан Нордлеф.
Автобустың салонында балаларға керектің бәрі бар - аяқ киімдерге, киімдерге арналған шкафтар, қауіпсіздік белбеулері бар орындықтар, т.б. бәрі бар. Автобус күнде сағат 9.00-да кәдімгі балабақшаның жанынан балаларды жинап алады да, жолға шығады. Жолда олар, ауа райы жақсы болса, табиғаттың ортасында аялдамалар жасап түстенеді, болмаса, жолда тамақтанады.
Қазір ауданда балабақшаға кезектер жоқ, ал жылжымалы балабақша ата-аналардың арасында ең танымал балабақшаға айналып отыр.