Швециядағы кеніште табылған метеорит зерттелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның әктасты карьерлерінің бірінде 2011 жылы метеорит сынығы табылды. Оның диаметрі шамамен 8 см. Оған Öst 65 (Österplana 065) деген атау беріліп, аспан денесін америкалық және швециялық геофизиктер зерттеді, деп жазады National Geographic журналы.

Nature Communications журналына жарияланған қорытынды мақалада ғалымдар шамамен 470 миллион жыл бұрын астероидтар белдеуінде Марс және Юпитер арасында екі метеорит соқтығысып, сынықтардың бірі Жерге құлаған деп түсіндірді. Бұлар метеориттің  «жоғалған түріне» жатады. Қазір Жерге құлайтын метеориттердің құрамы өзгеше.

«Жоғалған» метеориттерді ғалымдар әлі де тауып жатыр. Швециялық тас кенішінен жерде табылған метеорит ордовик жүйесіне - палеозой тобының қалдықтар кешеніне жатады.  Оны зерттеу сол кездегі ғарыш нысандарының қалыптасуын Күн жүйесінде болған ежелгі үдерістерді түсінуге мүмкіндік береді.