Швециядағы мешітті біреулер қасақана өртеп жіберді
18:36, 26 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның орталық бөлігіндегі Эребру қаласында болған өрт салдарынан мешіт отқа оранды, деп хабарлайды SVT телеарнасы.
Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, мешіттің 2007 жылы салынған бөлігі тұтастай өртеніп кеткен.
Полиция мәліметінше, өрт қасақана ұйымдастырылған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.