Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Ғимараттың бір бөлігі қатты бүлінген.
Полиция жарылыс салдарынан ғимараттың барлық терезелер сынғанын хабарлады.
«Ішінде адамдар болған жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Орталық кеше кешке жабылған болатын», - деді полиция өкілі.
Ол бұл жарылысқа байланысты ешкім қамауға алынбағанын қосып айтты.
Айта кетейік, 17 ақпанның кешінде Түркия астанасы Анкарада ішіне жарылғыш зат салынған көлік жарылды. Салдарынан 28 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақаттанды.