Швецияның фармацевтикалық компаниялары Қазақстанмен ұзақ мерзімді келісім жасаспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «Astra Zeneca», «Diaverum», «Mölnlycke» және «SCA» швециялық фармацевтикалық компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлады mzsr.gov.kz.

Алексей Цой, бұл кездесу швециялық фармацевтикалық компаниялармен қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп атады Швециялық фармацевтикалық компанияларының басшылары Вице-министрді өз қызметтері жайлы хабардар етті. Сондай-ақ, телемедицинаны, онкологияны дамыту мәселелері, операциялық бөлмелер үшін жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізу, пациенттерге диализдік қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімдер жасасу жөнінде ұсыныстар айтты.