Мәртебелі мейман «Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасы аясында атқарылған жұмыстарды өз көзімен көруді мақсат тұтқан екен. Оны бұл сапарда аудан әкімінің орынбасары Тәңірберген Дәрменов бастап алып жүрді. Сапар барысында елші Елбасының айрықша қамқорлығындағы аймақтың әрідегі тарихымен, тіршілігі сәнді, тұрмысы мәнді, үміттері үкілі болған тұрғындардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жете танысты.
Мейман содан соң Көкарал бөгетінде, Ақлақ су тоспасында болды. Ұлтаны құрғаған теңіз табанының қасіретін қырық жыл тартса да, кіндік қаны тамған өлкесін мейлі шұрайлы жері бар жерұйық бұйырып тұрса да, тастап кетпеген аралдықтардың қайсарлығына тәнті болды. Қаратерең ауылы тұрғындарының ерекше ілтипатына, қазақы қонақжайлылығына үлкен алғыс айтты.
07:43, 20 Тамыз 2012
Швецияның Қазақстандағы Тұрақты және өкілетті елшісі Арал ауданында болды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Швеция корольдігінің Қазақстандағы Тұрақты және өкілетті елшісі Манне Венгборг Қызылорда облысының Арал ауданына аранйы сапармен келіп қайтты.