Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.
С.Тольгфорс көпшілік алдында оның қызметін босатуына БАҚ әсер еткенін айтты. Әскери ведомствоның Сауд Аравиясымен танкқа қарсы құралдарды жөндеу және жаңғырту зауытының құрылысын талқылап жатқаны белгілі болғанда, Швед медиасы министрді қатаң сынға алды.
Өзін ақтауға тырысқан министр Швецияда Сауд Аравиясына қаруды экспорттауға ресми түрде тыйым салынбағанын мәлімдеді. Алайда журналистер және оларға қосылған қоғамдық белсенділер С.Тольгфорсты оған қоса ведомствоның «қарулық келіссөздерді» жариялаудан қашпақшы болғаны бойынша айыптады.
Швецияның пацифистері сондай-ақ келіссөздерді кінәлап, оларды «үстемшіл режим бар әскери келісушіліктер ызаландыратынын» мәлімдеді.
С.Тольгфорс Швеция Қорғаныс министрінің қызметін 2007 жылдан бері атқарып келген.