Юнастың айтуынша, ол аяғын духовканың қырына соғып алып, жарақаттап алыпты. Жараның орны терең болғандықтан, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінуге бел буып, алдымен емханаға барады, бірақ ол жер жабық болып, қалалық ауруханадан көмек сұрауға келеді.
Қабылдау бөлімінде бір сағаттан астам уақыт отырған ол, өзінің аяғындағы жарасын мамандардың көмегінсіз емдеп алмақшы болып шешеді. «Жан-жағыма қарасам, инелер мен жіптердің топтамасын көзім шалды. Содан кейін мен оларды алып, өзімнің жарамды өзім тіге бастадым», - деді швед. Ол атап өткендей, өзіне-өзі операция жасау кезінде ауырғаннан жаны көзіне көрінсе де, өзіне басқалардың назарын аудармау мақсатында тістеніп отырды.
Аурухананың пациенті өз жарасын өзі тігіп алғанынан хабардар болған дәрігерлік мекеменің қызметкерлері құралдарды рұқсатсыз алғаны үшін оның үстінен полицияға шағым жазды.