Шведова мен Дияс Федерация Кубогының екінші ойынында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы Азия/Океания аймағында өзінің екінші матчын жеңіспен аяқтады, бүгін біздің команда қытайлық Тайпей құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Ярослава Шведова Юан Хсан Лиді 6:1, 6:1есебімен оңай жеңіп шықты. Ал Заринаға Су-Вей Хсиехті жеңу үшін үш сеть ойнауға тура келді. Матч нәтижесі - 6:4, 2:6, 7:5.

Екі ойынның қорытындысы бойынша біздің құрама өз кіші тобында 1- орында. Ертең құрама қытайлық аруға 1:2 есебімен жол берген Тайланд командасымен бақ сынасады.