Әлемнің бірінші ракеткасы болып чехиялық Каролина Плишкова қалды. Екінші орында - румындық Симона Халеп, үшінші - испандық Гарбинье Мугуруса тұр.
Қазақстандық Юлия Путинцева 50-інші орынын сақтап қалды. Ярослава Шведова бір сатыға төмендеп, 82-інші орынды иеленді. Қазақстандық теннисшілер арасында рейтингтің алғашқы жүздігіне тақау орналасқан Зарина Дияс та тағы бір қатар төмен түсіп, 109-ыншы орынға тұрақтады.