Шведова мен Кинг Майамидегі турнирдің келесі айналымына өтті
10:05, 27 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ярослава Шведова мен Ваня Кинг Майамидегі турнирдің жұптық кезеңін сәтті бастап, екінші айналымға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық-америкалық дуэт АҚШ теннисшілері Лорен Дэвис пен Николь Меличардан басым түсті - 5:7, 6:4, 10:3.
Екінші айналымда Шведова мен Кинг хорватиялық Дарья Юрак және аустралиялық Анастасия Родионова жұбымен кездеседі.