Шведова мен Воскобоева Australian Open жұптық сынын жеңіспен бастады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева Australian Open «Үлкен дулыға» жұптық сынының екінші айналымына шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Шведова жұптасы испандық Анабель Медина-Гарригес екеуі Бояну Йовановски (Сербия) мен Донну Векичті (Хорватия) - 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Олардың қарсыластары кейінірек анықталады. Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Ваниа Кингпен шығады. Бірінші айналымда олар екі партияда австралиялық дуэт Ивон Мойсбургер мен Сандра Клеменшицті - 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Екінші айналымдағы өз қарсыластарын олар да кейін білетін болады.

Ерлердің жұптық сынында Михаил Кукушкин турнирді жалғастыра алмайды. Ресейлік Теймураз Габашвилимен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық Жан Жульен Роджер (Голландия) мен Хория Текуден (Румыния) - 2:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Естеріңізге сала кетейік, Australian Open жекелей сынында қазақстандық екі өкіл ғана қалды - Зарина Дияс пен Галина Воскобоева. Оларды үлкен сын күтіп тұр, қос қызымыз да 16 қаңтар күні жанкүйер сенімін ақтап шығуға тырысады. Дияс жаңазеландиялық Маринамен, ал Воскобоева испандық Карла Суарес-Наварроға қарсы ойнайды.