Іріктеудің бірінші кезеңінде Шведова ресейлік Вера Душевинаны 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Финалда қазақстандық спортшы біліктілік кезеңінің алтыншы ракеткасы, Түркия өкілі Чагла Бюйюкакчаймен кездеседі, ол осыған дейін қытайлық Цзин Лудан 6:1, 6:1 есебімен басым түскен еді.
Біліктілік кезеңінің финалына шыққан Шведова 1 мың 852 доллар сыйақы мен Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде 12 ұпайға ие болды.
Shenzhen Open - Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Қытайда өтетін турнир, деп хабарлады sports.kz.