«Уимблдонның» ширек финалында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова америкалық Винус Уильямстан екі сетте - 6:7, 2:6 есебімен жеңілді, деп хабарлады Sports.kz.
Турнирдің 1/4 финалына шыққаны үшін Шведова WTA рейтингінде 430 ұпай және 345 275 $ сыйақы алады.