Шведова US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жеке разрядта US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші раунд матчында Шведова қытайлық Ван Цянды екі сет бойынша 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

Келесі айналымда да Шведованың қарсыласы аустралиялық Саманта Стосурды 6:3, 6:3 есебімен жеңген қытайлық Чжан Шуай болмақ.