Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева жеке разрядтағы рейтингте бұрынғыша 27-орынды иеленген. Ярослава Шведова 46-позициядан 45-ке көтерілді.
Рейтингте америкалық Серена Уильямс көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарды неміс спортшысы Анжелик Кербер мен чех теннисшісі Каролина Плишкова иемденген.
Жұптық разрядта Ярослава Шведова 11-орынды сақтап қалды.