Шведова WTA тізімінде 21-ші орынды сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы чемпиондық жарыстың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Рейтингті теннистен Австралия Ашық чемпионатының жеңімпазы неміс Анжелик Кербер басқарды, ол америкалық Серена Уильямс пен поляк Агнешка Радванскадан сенімді түрде алға оза білді.

Қазақстандық Ярослава Шведова 21-ші жолды сақтап қалды. Юлия Путинцева 58-ден 63-ке түсті, Зарина Дияс - 168-ден 180-ге түссе, ал Камила Керімбаева 249-дан 196-ға көтерілді.

2016 жылғы 8 ақпандағы WTA чемпиондық жарыс рейтингі:
1. Анжелик Кербер (Германия) - 2360 ұпай
2. Серену Уильямс (АҚШ) - 1300
3. Агнешка Радванска (Польша) - 1060
4. Виктория Азаренко (Беларусь) - 900
5. Йоханна Конта (Ұлыбритания) - 782
6. Шуай Чжан (Қытай) - 640
7. Карла Суарес Наварро (Испания) - 616
8. Светлана Кузнецова (Ресей) - 570
9. Белинда Бенчич (Швейцария) - 480
10. Моника Пуиг (Пуэрто-Рико) - 470

21 (21). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 278
63 (58). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 144
180 (168). Зарина Дияс (Қазақстан) - 41
196 (249). Камила Керімбаева (Қазақстан) - 36.