Шведова жұптық ойында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турнирінде жұптық жарыстың финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап kazsporttv.kz хабарлады.

Ол испандық Анабель Медина-Гарригеспен бір жұпта ойнап, бірінші партияда қарсыластарынан 7:6 есебімен басым түсті. Екінші партияда 2:6 есебімен ұтылды. Ал үшінші шешуші партияда испан-қазақ жұбы 10:3 есебімен жеңіске жетті! Айта кетейік, турнирдің сыйақы қоры - 250 мың АҚШ доллары.