Шведтер биыл меркелік сыйлыққа көбірек ақша жұмсамақ
АСТАНА. KAZINFORM — Швецияда биыл Рождество мерекесіне арналған сыйлықтарға халық өткен жылға қарағанда едәуір көп қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Сауалнамаға сәйкес, тұрғындар орта есеппен 3348 крон (351 доллар) жұмсауды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 кронға артық. Шығынның өсуі бағаның қымбаттауымен, кейбір тұрғындардың қаржылық жағдайының жақсаруымен және экономикаға қатысты алаңдаушылықтың төмендеуімен байланысты.
Алайда, қаржылық қиындық қаупі де артып келеді. Әр бесінші адам өз мүмкіндігінен артық жұмсайтынын мойындаса, шамамен үштен бірі жоспарлағанынан көбірек шығындайтынын айтқан. Экономистер мерекеге арналған қымбат несие алу қарызға батуға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Зерттеу көрсеткендей, әртүрлі табыс деңгейіндегі адамдардың шығыны айтарлықтай ерекшеленеді. Айына 20 мың кронға дейін табыс табатындар шамамен 2 мың крон (210 доллар), ал 40 мың кроннан жоғары табыс табатындар 5 мың кроннан (530 доллардан) астам жұмсайды деп жоспарлаған.
Ең танымал сыйлықтар — киім және сәнді заттар (шамамен 40%), одан кейін ойыншықтар, интерьер заттары және тұрмыстық тауарлар. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 5%-ы сыйлық сатып алуды жоспарламайды.
Экономистер бюджетіне сенімсіз адамдарға алдын ала шығынды жоспарлауға, лимит белгілеуге, отбасымен жағдайды талқылауға және несиені тексеруге кеңес айтады. Бұл мерекеден кейінгі қаржылық қиындықтарды болдырмауға көмектеседі.