"Негізі Қазақстанды білетін шведтердің бізге деген көзқарасы жақсы. Сосын әрбір саланың адамдары әрқалай қабылдайды. Мысалы, біздің қатарластарымыз Олимпиада чемпионы Владимир Смироновты жақсы біледі. Ол арқылы Қазақстанды таниды. Ал xоккеймен айналысатындар xоккей өнеріміздің жақсы дамығанынан хабардар. Жалпы, шведтер үшін Орталық Азия ол - "терра инкогнито", яғни белгісіз әлем іспетті. Олар "стан" деген жұрнағы бар мемлекеттерді дұрыс айыра алмайды. Сол себепті бәрін түсіндіруге тырысамыз. Баспасөз беттерінде арнайы материалдарды жариялаймыз", - деді Д. Елеукенов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Елшінің айтуынша, Орталық Азия елдері ішінен тек Қазақстан ғана Швецияда өз елшілігін ашқан. Үш жыл бұрын пайдалануға берілген дипломатиялық миссияның ғимараты жаңадан салынған болатын.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұрат Нұртілеуов те баспасөз мәслиxатын өткізді. Оның айтуынша, Финляндия президенті Қазақстанға үлкен делегациямен келмекші .