Швеция бұрынғы офицерлерінің әскерге шақырылу жасын 47-ден 70-ке дейін ұлғайтпақ

Фото: pexels.com

АСТАНА.KAZINFORM - Швеция қарулы күштерінің бұрынғы офицерлерінің әскерге шақырылу жасын 47-ден 70-ке дейін ұлғайту керек. Бұл туралы ұлттық қарулы күштердің болашақтағы кадрлық құрам мәселесін зерттеген үкіметтік комиссияның қорытындысында айтылған, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл алдағы жылдарда қарулы күштер ауқымын нығайту бағдарламасына байланысты ұсынылды. Парламенттік партиялар жылдық бюджетті ұлғайтуға қосымша 300 миллиард крон (31,4 миллиард доллар) бөлуге келісті.

Қазіргі уақытта әскери борышын өтеген немесе әскери білім алған азаматтар 47 жасқа дейін шақырыла алады. Соңғы әскери дайындықтан өткеніне 10 жылдан асқандар әскери есептен шығарылады. Бұл ереже енгізілгеннен кейін мыңдаған бұрынғы әскери қызметшілер шақыру тізімінен шығарылды.

Жаңа жағдайға байланысты комиссия бұл нормадан бас тартып, бұрынғы офицерлердің шақырылу жасын 47-ден 70-ке дейін көтеруді ұсынып отыр.Бұл әскери борышын өтеген немесе кемінде бір жыл запастағы әскери қызметшілерге қатысты.

Айта кетейік, Швецияның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі тағайындалғанына небәрі бірнеше сағат өткенде отставкаға кетті.