Ұлттық үкіметтегі кадрлық өзгерістерге арналған брифингіде Ланнан басқа Швеция премьер-министрі мен екі министр қатысқан.
Сейсенбіде тілшілермен әңгімелесу барысында жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі кенеттен есінен танып, құлап қалды. Аталған жағдайдан кейін Ланнды залдан қолтықтап алып шықты. Алайда ол бірнеше минуттан кейін оралды.
– Бұл қандағы қанттың төмендегенінен болуы мүмкін, - деп түсіндірді Ланн өзінің есінен танып қалуын.
Бұған дейін цунами туралы ескерту Жаңа Зеландия парламентінің жұмысын тоқтатуға себеп болғанын жазған болатынбыз.