Швеция мектептері гаджеттерден гөрі кітапқа басымдық береді

Фото: facebook.com/@Hashem Al-Ghaili

АСТАНА. KAZINFORM — Швеция мектептері оқу процесінде дәстүрлі әдістерге қайта оралиақ, атап айтқанда қағаз кітаптарды оқытуға басымдық берілмек. Бұл қадам iPad пен ноутбуктарды пайдалану кезінде оқу деңгейінің төмендеуі байқалғаннан кейін жасалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Брюссельдегі меншікті тілшісі.

Қазіргі таңда басты назар — көбірек баспа оқулықтарын пайдалану, қолмен жазу дағдыларын дамыту және балабақша деңгейінде экран алдындағы уақытты азайтпақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл шара оқу қабілетін арттыруға көмектеседі.

Кейбір мұғалімдер оқушылар қағаз кітаптар мен оқу материалдарын көп сұрайтынын айтады, өйткені олар ноутбукпен жұмыс істеуден гөрі ақпаратты тезірек меңгеріп, есте сақтайды.

Бұл сыныптарда технологияны толықтай тыйым ету дегенді білдірмейді: сандық құрылғылар әлі де қолданылады, бірақ үкімет кітаптар мен оқу құралдарын сатып алуға миллиондаған крон бөлуде, деп хабарлайды BBC.

2000-шы және 2010-шы жылдары швед мектептерінде кітаптар сыныптан ығыстырылып, ноутбуктар мен iPad-тарға жол берді. Сол кезде мақсат студенттерді цифрлық өмірге дайындау болатын, бірақ әсері керісінше болды.

Швецияда 2000 жылдары сауаттылық деңгейі Еуропа бойынша алдыңғы қатарда болса,  бүгін де төмендеп барады. 

2012 жылы бірнеше жылдық нашар нәтижелерден кейін 15 жастағы оқушылардың PISA (оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық тест) көрсеткіштері ең төменгі деңгейге жетті.

Қазір оқулықтар сыныпқа қайта енгізіліп, оқу көрсеткіштері қайта жақсарып келеді. 10 жастағы балаларға арналған ұлттық оқылым байқауы басталды, ал ең көп кітап оқыған сыныптар сыйлыққа ие болады.

Швеция үкіметі сандық оқу құралдарын тек олар оқыту процесіне көмектескенде ғана қолдану керек деп санайды.

Дәстүрлі оқу құралдары оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды, бірақ көптеген мектептерде әлі де қажетті оқулықтар жеткіліксіз. 2023 жылы үкімет мектептер мен балабақшаларға оқулықтар мен әдістемелік құралдарды сатып алуға арналған жаңа мемлекеттік субсидия енгізді. 2023 жылы жалпы 685 миллион швед кроны, 2024 жылы 658 миллион, 2025 жылы 755 миллион бөлінді. 2026 жылдан бастап жыл сайын 555 миллион швед кроны қарастырылған.

Жаңа міндетті мектеп бағдарламалары 2028 жылы енгізіледі, және оларды қолдау үшін оқулықтар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар қажет болады. Сол себепті үкімет 2028 жылға арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдарды сатып алу үшін қосымша 500 миллион швед кроны бөлді.

Еске салсақ, Дания үкіметі де адамдардың көп оқуы үшін кітапқа 25% салықты алып тастауды жоспарлаған болатын.

Ал Алматыда 24 сағат жұмыс істейтін кітапханалар саны көбейетін болады.