Швеция мигранттарды еліне қайтару үшін 32 мың еуро төлейді

Фото: Фото: АР

АСТАНА. KAZINFORM - Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон мигранттарды еліне қайтару үшін бөлінетін көмек көлемін 900 еуродан 32 000 еуроға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды euronews.com.

— Миграцияны бақылау өте қажет, - деді Кристерссон.

Швеция премьер-министрінің айтуынша, елден кетуге қаржылық ынталандыруды арттыру кейбір мәселелерді шешуге көмектеседі. Басылымның жазуынша, қазір жәрдемақы көлемі ересектер үшін 900 еуроны құрайды.

Кристерссонның айтуынша, бұл бюджеттік ынталандыру күтілетін нәтижелерді бермеді. 2023 жылы 70 өтінімнің біреуі ғана мақұлданды. Сондықтан Швеция үкіметі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық ынталандыруды 3400%-ға арттыруды жоспарлап отыр.

— Біз негізінен Дания үлгісін көшіріп жатырмыз және өз отанына оралғысы келетін, әртүрлі себептермен Швецияда толыққанды өмір сүре алмайтынын сезінетіндерге қолдау көлемін айтарлықтай арттырамыз, - деді Кристерссон.

Швеция премьер-министрінің айтуынша, бұл әдіс елдің барлық тұрғындарына ұнамауы мүмкін.

—Менің ойымша, бұл әдіс көп адамдар үшін тиімді болады деп ойламаймын, дегенмен бізде интеграция мәселесі бар және егер Швецияда тұруға заңды құқығы бар, бірақ негізінен интеграцияланбаған адамдар біздің өмір салтымызды бағаламаса, олар, ең болмағанда, өз отандарына оралу туралы ойлануы керек, - деді Кристерссон.

Еске сала кетейік, Швеция жастары дербес өмірге дайын емес.