Швецияда парламент сайлауы өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Швецияда Риксдагпен қатар аймақтық және муниципалдық кеңестерге сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды ЕО-дағы Kazinform тілшісі.

Фото: lovguiden

Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру құқығына 8 млн-нан астам азамат ие. Сайлаушылардың шамамен жартысы 26 тамызда басталған мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысып үлгерген.

Швеция парламентінде 349 орын бар. Көпшілік дауысқа ие болу үшін кемінде 175 мандат қажет. Сонымен қатар аймақтық және муниципалдық кеңестерге депутаттар сайланады.

Алдын ала сауалнамаларға қарағанда, Магдалена Андерссон бастаған Социал-демократиялық партияның солшыл-центристік блогы мен премьер-министр Ульф Кристерссон жетекшілік ететін оңшыл-центристік блоктың қолдауы шамалас.

Оңшыл блокқа Умереттелген партия, Христиан-демократтар, Либералдар және «Швед демократтары» кіреді. Егер оңшылдар көпшілікті сақтап қалса, «Швед демократтары» алғаш рет үкімет құрамынан министрлік лауазымдарға ие болуы мүмкін. Соңғы төрт жылда Кристерссон үкіметі бұл партияның парламенттегі қолдауына сүйенгенімен, оның өкілдерін кабинетке енгізбеген.

Сайлау науқанында денсаулық сақтау, білім беру, қылмыс, иммиграция және экономика негізгі мәселелер болды.

Швецияда сайлаушылардың белсенділігі дәстүрлі түрде жоғары – 80%-дан асады. Риксдаг сайлауының алғашқы алдын ала нәтижелері дауыс беру күні кешке жарияланады.

Швеция 2024 жылдан бері НАТО мүшесі. Бұл – елдің осы альянсқа қосылғаннан кейінгі алғаш өткізіліп отырған парламент сайлауы.

Айта кетейік, бұған дейін Швецияда жаңа парламент құрамы сайланатынын жазған едік.