Швейцария банк құпияларын ашады

None
БЕРН. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Швейцария, Австрия және Люксембург Экономикалық ынтымақтастық және даму мәселелері жөніндегі ұйымның банк құпиялары мәселелеріне қатысты стандарттарына соңғы елдердің бірі болып қосылып отыр.
Олардан бір күн бұрын бұл құжатқа Лихтенштейн мен Андорра қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Әртүрлі капиталдарға «тынық айлақ» болып келген шағын мемлекеттер заңсыз жолмен табылған ақшаларды кәдеге асырумен және салықтан жалтарумен күресті жандандыру туралы әлемдік қоғамдастықтың талабына мойынсұнып отыр. Швейцариялық UBS банкі ақпан айында Құрама Штаттарға өзінің 300 американдық клиенті туралы мәліметтер берді. Бұдан былай барлық банктер осылай ететін болады, бұл міндетті шарт. Дегенмен, Швейцария өкіметі, әрбір клиент бойынша мәселенің жеке-жеке, нақты және негізделген сауалнамалар негізінде қаралатынын баса атап көрсетіп отыр. Швейцария әлемдегі ең ірі оффшорлық қаржылық орталық болып табылады. Оның банктерінде шетелдіктерге тиесілі 2 триллиондай доллар сақталып отыр.