Инновациялық қызметінің жоғарғы деңгейінің және ғылыми зерттеулер мен патенттердің көптігінің арқасында Швейцария рейтингті бастап отыр, дейді сарапшылар.
Ал Германияның бәсекеге қабілеттілігі бизнестің жоғары өнімділігі мен жақсы инфрақұрылымның арқасында өссе, АҚШ-тың рейтингі бюджет дефицитіне байланысты едәуір төмендеп кетіп отыр.
Рейтингілік жүйе саяси тұрақтылық, инфрақұрылымның дамуы, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің тиімділігі, нарықтың қамтымдылығы және технологиялардың дамуы сияқты барлығы 12 көрсеткішке негізделіп жасалады.