Швейцария елшілігі Семей мектебіне тренажер залын тарту етті
Халықаралық жобаның үйлестірушісі Жанна Жибраеваның айтуынша, еуропалық мемлекеттік өкілдігімен арадағы ынтымақтастыққа біраз жылдың жүзі болған. Аумағында 40 жыл бойы ядролық қару сыналған өңірдің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған түрлі жобалар қаладағы барлық дерлік әлеуметтік мекемелердің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көмектесуде.
Мүгедектер мен қарттарға, ақыл-есі кемтарларға арналған интернат-үйлерге, балалар үйіне және басқа да сол сияқты мекемелерге Швейцария тарапы тарту еткен заманауи асхана және кір жуу жабдықтары орнатылған. Кезекті қайырымдылық акциясы қаланың өнеркәсіптік ауданында орналасқан №22 орта мектепке қатысты. Балалар жаңа тренажер залында жаттығып, денелерін шынықтыру мүмкіндіктеріне ие болып отыр.