Статистика мәліметтеріне сәйкес, соңғы бес жылда мұндай оқиғалар саны екі есе артты: 2011 жылы Швейцария аумағында бірнеше жүздеген адам эвтаназия жасатса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш мыңнан астам адамға артқан. Exit компаниясы дауасыз ауруға шалдыққан және азап шегуші науқастарды ғана емес, қарапайым қарттардың да өз еркімен өмірмен қош айтысуына көмектесуді ойға алғанына қарағанда, бұл көрсеткіш те артуы мүмкін.
«Біз Exit компаниясының ұсынысына түбегейлі қарсымыз. Бұл шешім егде жастағы тұрғындар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасын жиілету қаупі бар. Жасы ұлғайған дені сау адамдардың қан қысымы көтеріліп, салдарынан өмірмен қош айтысуға шешім қабылдауынан қауіптенеміз», - деп Швейцария медициналық қауымдастығының дәрігері Юрг Шлуп Exit бастамасына өз пікірін білдірді.
Қазіргі уақытта эвтаназияға рұқсат етілген еуропа елдерінің бірі - Швейцарияға медицина көмегімен өмірмен қоштасуға ниет білдіргендер әлемнің әр түкпірінен ағылып жатыр. Олар көбінесе онкологиялық дертке шалдыққандар немесе орталық жүйке жүйесі ауруынан зардап шегушілер.