«Kazakh Tourism» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев 29 қазан мен 2 қараша аралығында Швейцарияда жұмыс сапарымен барды.
«Ресми сапар кезінде Женева мен Цюрихте туристік компания өкілдері мен әлеуетті инвесторлардың қатысуымен екі роуд-шоу өткізілді. Онда жалпы Қазақстан мен республикалық туристік картасының ТОП-10 инвестициялық жобасы таныстырылды», - делінген компания хабарламасында.
Одан бөлек, Женевада Дүниежүзілік экономикалық форумы өкілдерімен туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексі және саяхаттау мәселесі талқыланды. Аталған индекстің 2025 жылға дейінгі ішкі және көшпелі туризм атты әзірлену үстіндегі мемлекеттік бағдарлама аясында маңызды индикатор екенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы Рашид Күзембаев бастаған делеция Цюрихте экономикалық сұрақтар төңірегінде (Seco) мемлекеттік хатшылық басшылығы және Swiss Tourism, Swiss Health, Swiss Education Grou компаниялары өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесу нәтижесінде Kazakh Tourism мен Swiss Tourism компаниялары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол бойынша Швейцария еліміздің ұлттық саябақтары мен таулы мекендерінде жыл бойғы туризмді дамыту және тау гидтері мен шаңғы нұсқаушыларын дайындау стандарттарын енгізу мен бейімдеуге ат салысады.
Сол сияқты аталған келісім екі ел арасындағы туристік өнімдерді ілгерілетуде өзара қолдау мен ақпарат алмасуға және халықаралық ынтымақтасуға бағытталған.