Ауыл шаруашылығы бойынша еурокомиссар Дачан Чолош Болгариядан, Испаниядан, Германиядан және өзге де Еуропа елдерінен кез келген фастфуд өнімдеріне заң жүзінде тыйым салуды талап ететін 120-дан астам өтінім қабылдаған соң, альпілік ел үлгілі боларлық іс көрсетіп отыр, деп жазады fithacker.ru.
2009 жылы Италия мен Испанияның «табиғи» ірімшіктерінен Еурокомиссия нормасынан асатын диоксин табылған азық-түлік дауы болды. Ал 2011 жылы неміс және қытай ғалымдары органикалық көкөністерден ішек таяқшасын тапты. Еуропа фастфуд пен өнеркәсіптік тағамдардан бас тартуға шақыруда. Енді БҰҰ мен ЕО табиғи азық-түліктің орнына жоғары технологиялы қоректену индустриясын насихаттауда
Әлемнің күнделікті тамақтану құрылымында ет өнімдері мен жартылай фабрикаттар 70% асады. Ал көкөністер мен жеміс-жидектер керісінше, күніне 300 граммнан ғана (күнделікті норма 600 гр.) келіп, оларды адамдардың 67% тұтынады.
11:25, 02 Қазан 2016
Швейцария Макдоналдс мейрамханаларының барлығын жауып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария «Макдоналдс» жүйесінің барық мейрамханасын жауып тастады.