Швейцария нигериялық «Боко харам» тобына қатысты санкция енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария үкіметі нигериялық «Боко харам» тобына қатысты санкция енгізді. Бұл туралы жексенбі күні Швейцария экономикасының мемлекеттік хатшылығы мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Боко харам» 2000 жылы Берн қабылдаған «Әл-Каидаға» және оның сол кездегі көшбасшысы Усама бен Ладенге және ауғандық «Талибан» қозғалысына қатысты қаулыға енгізілді. Бұған 22 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған шешім негіз болды, онда нигериялық топ лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізіліп, оған санкциялар салынған болатын. Бұдан бірнеше күн бұрын Еуроодақ та осындай шаралар қабылдады. АҚШ-та «Боко харам» 2013 жылғы қарашадан бері лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізілген болатын.

Берн жариялаған шектеу шаралары егер Швейцария банктерінде олардың активтері табылатын болса, олардың бәрі тоқтатылады, оның мүшелерінің ел аумағына келуіне тыйым салынады және қару жеткізуге эмбарго қойылады.

«Боко харам» хаус тілінен аударғанда «Батыстық білім - күнә» дегенді білдіреді, 2002 жылдан бастап Нигерияның солтүстігінде теократиялық мемлекет орнату үшін күресуде. Соңғы кездері радикалдар армия мен полиция нысандарына шабуылдарын, сондай-ақ азаматтарға қарсы лаңкестік актілерді жандандыра түсті. 2014 жылғы сәуірде олар 300 мектеп оқушы-қыздарын кепілге алды, олардың 272-сі әлі күнге дейін содырлардың қолында. Исламшылар оларды түрмеделерде жазаларын өтеп жатқан жақтастарына ауыстыруға тырысуда.